Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Астана кубогінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келідегі финалдық айқаста Махмұттың қарсыласы өзге қазақстандық боксшы Асылжан Серікбай болу керек еді. Алайда Асылжан рингке шықпады да, Махмұт автоматты түрде жеңімпаз атанды.
Еске салайық, жұдырықтасу стилін сарапшылар әйгілі Ломаченконікіне ұқсататын қазақ боксшы 2023 жылғы әлем чемпионы атанған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін 51 келіде Сәкен Бибосынов та Elorda Cup чемпионы атанды.