Халықаралық турнир! Қазақстандық төрт боксшы айқаспай-ақ жүлде жеңіп алды
Сербия астанасы Белградта Бранко Пешичті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды, деп жазады Vesti.kz.
Сербия астанасы Белградта Бранко Пешичті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық төрт боксшы бұл жарысты бастамай жатып жүлделі болып отыр. Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Олжас Бокаев (+92 кг) турнирді жартылай финалдан бастайды. Осылайша, олар қазірдің өзінде кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.
Ал Ернұр Қайрат (48 кг) өз салмағында боксшы жоқтықтан бірден финалда алтын үшін айқасады.
Ал өзге қазақстандық боксшылар - Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Ерасыл Танқай (63,5 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жәкпеков (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг) және Данияр Рахымбердинов (92 кг) жарысты әдеттегідей бастайды.
Жарнама