Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейіт 75 келіге дейінгі салмақта Бангкоктағы Thailand Open турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қарсыласы Сингапурдан келген боксшы Велко Тан болды.
Жекпе-жектің көп бөлігі жақын қашықтықтағы ұрыста өтті, қарсыластар үнемі ұстасып қала берді. Нұрсейіт мұндай айқаста да сенімді болып, Танды таза жеңді.
Айқас мерзімінен бұрын аяқталмаса да, қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.