Бокс
24 шілде 09:43
 

Халықаралық олимпиадалық комитет IBA-ға қатысты шешім шығарды

  Пікірлер

blog.share

Халықаралық олимпиадалық комитет IBA-ға қатысты шешім шығарды ©

Парижде өткен Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) сессиясы бірауыздан Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойныдалған халықаралық ұйым тізімінен шығару туралы шешімге келді.

blog.share

Парижде өткен Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) сессиясы бірауыздан Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойныдалған халықаралық ұйым тізімінен шығару туралы шешімге келді.

Бұған дейін Спорттық арбитражды сот (CAS) ХОК сессиясының 2023 жылы 22 маусымдағы IBA-ны мойындамау туралы шешіміне қатысты IBA берген аппеляцияны қанағаттандармады. Былтыр 7 маусымда ХОК атқару комитеті IBA 2021 жылы желтоқсанда ХОК белгілеген шарттарды орындамағандықтан, сессия отырысында IBA-ны қайта мойындауды өткізбеу керегін ұсынылыпты. 

CAS релизі бойынша, IBA ұйымы ХОК қойған мына талаптарға сай келмейді: федерация қаржылық айшықтығын жақсартпады, төрешілер адалдығының мониторингі мен бақылауын қамтамассыз етпеді, сонымен қоса, ХОК ұсынған шараларды толықтай және тиімді іске асыруды қамтамассыз етпеген. 

Бұрын AIBA аталған IBA ұйымы Олимпиадаға іріктеу турнирлерін ұйымдастырудан 2019 жылы шеттелген. Токио ойындарынан бастап мұнымен ХОК-тың өзі айналысады. Ал бокс 2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмей отыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!