Бокс
10 маусым 2020 16:41

Халықаралық бокс федерациясы Головкинді сыйсыз қалдырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жыл сайынғы сьезін келесі жылға ауыстыруа мәжбүр. Алайда әдетте кешкі ас жайылып, салтанатпен табысталатын сыйдың иегерлері таңдалып қойды. Осылайша, IBF 2019 жылғы жеңімпаздарды қашықтан құттықтады. 

Джерси Джо Уолкотт атындағы ең мәртебелі "Жыл боксшысы" номинациясын жартылай орта салмақта IBF чемпионы Эррол Спенс жеңіп алды. Титулды 2017 жылы жеіп алған америкалық оны төрт рет қорғап қалды. 

Әйелдер арасында бұл атақ жеңіл салмақта абсолют чемпион ирландиялық Кэти Тейлорға бұйырды.

IBF титулын қатарынан үш немесе одан да артық рет қорғаған үшін чемпиондық жүзік иегерлері:

Жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы Артур Бетербиев;
Екіші орта салмақта IBF чемпионы Мари-Ив Дикер;
Өте жеңіл салмақта IBF чемпионы Морути Мталане;
Орта салмақта абсолют чемпион Кларисса Шилдс;
Жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы Джош Уоррингтон.

Ең жеңіл салмақта титул біріктірген Наоя Иноуэ мен Нонито Донэр кездесуі "Жыл жекпе-жегі" болды, ал Top Rank ең белсенді промоутерлік компания атанды.

Еске салайық, 2019 жылы қазанда Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақта IBF белбеуін иеленген. Алайда ұйым қазақстандықтың жетістігін назардан тыс қалдырғанға ұқсайды.