Гүлсая Ержан Азия чемпионаты финалының жолдамасын иеленді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Вьетнам елінің боксшысы Тхи Хуонг Нгуенмен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша бұл кездесуде Гүлсая 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты. 

Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай, Мәдина Нұршаева, Ләззат Күнгейбаева, Жазира Орақбаева және Дариға Шәкімова қарсыластарынан жеңіліп, бокстан Азия біріншілігінің қола медалін иеленді. Ал Жайна Шекербекова, Алуа Балқыбекова және Карина Ибрагимова финалға шыққан болатын.
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport