Бокс
16 мамыр 2022 20:49
 

Гүлсая Ержан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

  Пікірлер

blog.share

Гүлсая Ержан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды ©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдесіне іліге алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдесіне іліге алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

81 келі салмақтың ширек финалында 21 жастағы Гүлсая Ержан Литва елінің боксшысы Габриэлла Стонтукемен кездесті. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңілсті литвалық боксшыға берді. Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады. 

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық боксшылар арасында жартылай финалға Алуа Балқыбекова (48), Жайна Шекербекова (52), Карина Ибрагимова (57) және Валентина Хальзова (70) шыққан еді. 

Ал бүгінгі кешкі сессияда Дина Жоламан (54) жартылай финалдың жолдамасына таласады. Оның қарсыласы сербиялық Елена Зекич болады. 

Айта кетейік, Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға  жоспарланған. Ал финалдық жекпе-жектер 19-20 мамырда болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!