Головкиннің ізімен. Қазақстандық "Қасапшының" келесі айқасы белгіленді

©instagram.com/temiroov_

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

"Қасапшы" лақап атты Темиров 20 қаңтар Германияның Дюссельдорф қаласындағы бокс кешіне қатысады. Әзірге қарсыласы белгісіз. Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы 8 раундтық жекпе-жек болады. 

Былтыр шілдеде өткен кейінгі айқасында Темиров төрешілер шешімімен угандалық Мизамиру Какандені жеңген болатын. 

Алматыда дүниеге келген Темиров алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Одан кейінгі екі айқасында да қарсыластарын сұлатқан. Барлық төрт кездесуін де Германияда өткізген. 

Айта кетейік, Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкин де кәсіпқой карьерасын Германияда бастап, 18 жекпе-жегін сол елде өткізген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport