auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің WBA чемпионымен қандай жағдайда жекпе-жек өткізетіні айтылды

Головкиннің WBA чемпионымен қандай жағдайда жекпе-жек өткізетіні айтылды
Фото: DAZN©

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы көктемде WBA Super белбеуінің иегері жапондық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) шаршы алаңға шығуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне британдық кәсіпқой бокс эксперті Ли Кормли айтып берді. Маман сонымен қатар, бұл жекпе-жектің өтуіне әсер ететін ең негізгі факторды да сөз етті.

 

"Мен Головкин мен Мурата командаларының арасындағы келіссөздер туралы білемін. Бұл кездесу мамыр айында Жапонияда өтуі ықтимал. Түсінуімше, трибунаға жанкүйерлерді кіргізу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Бұл ең маңызды фактор болып тұр. Егер жанкүйерлердің кіруіне мүмкіндік болса, Головкин мен Мурата жекпе-жекке келіседі. Соңғы, әрі нақты шешім осы наурыз айының соңына қарай шығатын шығар. Қалай болғанда да, бұл кездесуге қызығушылар көп, сондықтан ол ерте ме, кеш пе биыл өткізілуі тиіс", - деді Кормли. 

 
Осыдан аздаған уақыт бұрын қазақстандық боксшының командасы Муратамен жекпе-жек турасында келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы ақпарат шыққан болатын. Жекпе-жек шамамен 2021 жылдың көктемінде Жапонияда өткізіледі деп жоспарланған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, GGG  бірінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) кездесу өткізуі мүмкін деген де ақпар тараған. Алайда, бұл кездесудің болу ықтималдығы аз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама