Головкиннің "суперчемпионмен" үш титул үшін айқасының күні белгіленді

©Imago

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

RingPolska ақпаратынша, жекпе-жек 2 немесе 9 сәуір Сайтамада (Жапония) өтеді. Бастапқыда бұл айқас былтыр желтоқсанда өту керек еді, алайда, Жапонияда карантин ережелері қатаңдап, ол кейінге шегерілді.

"Бірнеше апта бұрын Муратаның промоутерлері жапониялық бокс комиссиясына екінші тоқсанның бірінші айында жекпе-жек өткізуге рұқсат алу үшін хат жолдаған. Головкин болса жаттығу лагерін бастап кетті және Жапонияға наурыз ортасында келмек. Өйткені оның штабы толықтай карантинде болу керек", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport