MMA.Metaratings.ru сайты қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) спорттық өмірінің ұзақтық сыры неде екенін айтты. Ол бірер күнде мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жек өткізеді. Трилогия АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 2017 және 2018 жылдары кездесу болған T-Mobilе Arena кешенінде өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл айқаста екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO титулдары бәске қойылады. Головкин үшін бұл осы салмақтағы дебют.
"Әрине, Головкин бұл шыңға талантының арқасында жетті. Бірақ ол жеткен биікке тек талантпен жету мүмкін емес. Бұл жерде оған ең мықты мамандардан тұратын командасы көмектесті. Головкин команда таңдауда қателескен жоқ.
Головкиннің спорттық өмірінің ұзақ болуының сыры - өзінің сүйікті ісіне адалдықта. Геннадий үшін бокс - өмірінің ажырамас бөлігі. Жарыс рухы оның қанында. Жақсы генетикасы мен еңбекқорлығы оны бокс машинасы қылды. Бірақ оның өз сөзі бар: "Мен машина емеспін. Себебі машиналар да арасында сынады, ал мен жоқ", - деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетейік, кездесу 18 қыркүйек, жексенбі күні таңертең болады және Qazaqstan мен Qazsport арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.