Головкиннің шаршы алаңға оралатын уақыты белгілі болды
Орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Бұл туралы Sportarena.com порталы хабарлады.
Орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Бұл туралы Sportarena.com порталы хабарлады.
Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыласы белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.
"Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Дегенмен жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді.
"Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Головкин болуы керек еді. Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар", - деді промоутер.
Еске салайық, осыған дейін Головкиннің қарсыласы орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.
Жарнама