Головкиннің ісі кері кете бастауының шын себебі айтылды

©twitter.com/GGGBoxing

Top Rank промоутерлік компаниясының матчмейкері Брюс Трэмплер қазақстандық Геннадий Головкиннің карьерасында Том Леффлердің маңызды орын алғандығын әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда Трэмплер қателесіп Головкинді украиналық деп атады. 

 "Том (Леффлер), Абель Санчес сияқты үлкен жұмыс атқарды, HBO-мен бірге ол GGG-ді ринг жұлдызына айналдырды. Осы жеңімпаздар командасынан кеткеннен кейін украиналық слаггердің ісі кері кете бастады", - деп жазыпты Трэмплер.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар