Головкиннің промоутері Усиктің жеңісіне қатысты пікір білдірді

27 қыркүйек 2021 11:59
©reviewjournal.com

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер украиналық Александр Усиктің (19-0, 13 KO) британиялық Энтони Джошуаны (24-2, 22 KO) жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондондағы бокс кешінің басты айқасы толық 12 раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Усикке берді. 

"Александр Усикті Лондондағы шеберлік сағатын өткізіп, суперауыр салмақта әлем чемпионы Эй Джейден титулдарын тартып алғаныңмен құттықтаймын. Рound for pound үздігі", - деп жазыпты ол твиттерде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар