Бокс
3 наурыз 2022 19:01

Головкиннің промоутері "суперчемпионмен" айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/tomloeffler1/

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы кездесуге қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді. 

"Головкин-Мурата 9 сәуір Жапонияда. Чемпиондықты біріктерін кездесу. Бұл керемет кездесу болады. GGG әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Ол бүкіл әлем бойынша жұдықтасып, барлық бокс көрерменнің сүйіктісіне айналды", - деп жазды Леффлер Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін осы айқастың андеркардында жұдырықтастатын алғашқы боксшылар анықталған болатын. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport