Головкиннің промоутері қазақ боксшының WBC титулы үшін айқасатынын хабарлады

©instagram.com/lady_sparta/

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық Аида Сатыбалдинованың келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

4 тамыз АҚШ-тың Монтебелло қаласында Аида жеңіл салмақта WBC International титулы үшін америкалық Челси Стивенсонмен (5-0, 2 KO) жұдырықтасады.

Еске салайық, Сатыбалдинова кейінгі рет 19 маусымда жекпе-жек өткізіп, гаитилік Джайко Павилусты жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport