Головкиннің промоутері "Канелоның" келесі қарсыласын атады

Сурет: XSPORT.ua
Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирн IFL TV порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 KO) келесі жекпе-жегін ұйымдастыру бойынша соңғы жаңалықтармен бөлісті. Промоутердің сөзін vRINGe.com беріп отыр. 

- "Канеломен" жұдырықтасуы мүмкін боксшыларыңыз туралы айтыңызшы, Golden Boy-ға қандай ұсыныс жасалды?

- Бірнеше апта бұрын Golden Boy компаниясына хат жазып, Каллум Смит, Джон Райдер, Деметриус Андраде және Дмитрий Биволды ұсындым. Бұл жігіттер қалайтын сомманы көрсеттім. Кеше Эрик Гомеспен Каллум Смит пен оның ақшасы жайлы сөйлестік. Өзгелер туралы сөз болмады. "Канело" нағыз чемпион. Ол Джейсон Куигли немесе Туреано Джонсонмен жұдырықтасады дегенге сенбеймін. "Канело" мықты жекпе-жектерді қалайды. Сондықтан ол Каллум Смитпен кездесу өткізеді деп сенемін. 

- Джон Райдер ше?

- Ол да дайын. Бірақ оған қатысты ешқандай әңгіме қозғалмады. Бернард Хопкинстің "Канело" Джон Райдермен жұдырықтасады дегені бар. Олар Джонның дайын екенін біледі. Аталған жігіттердің бәрі қоңырау күтіп отыр. Қазір Бәрін Golden Boy мен "Канело" шешеді. Альварес Каллум Смитпен жұдырықтасқысы келеді деген ойдамын. Ақысына келісе аламыз ба дейсіз бе? Мүмкін. Бірақ бұл Америкада боксты жандандыра алатын үлкен жекпе-жек. 

Еске салайық, Эдди Хирн "Канелоның" басты қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 3 КО) де ісін жүргізеді.