Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер FightHub TV арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты ақпаратпен бөлісті.
Оның сөзінше, DAZN стриминг қызметі үшін жекпе-жекті қыркүйекте ұйымдастыру басымдықтағы мақсат екен.
"Роллспен жекпе-жекте Головкин ұмтылмас әсер қалдыру керек. Егер биіктен көрінбесе, бәрі де өзгеруі мүмкін. Бірақ жекпе-жек тамаша өтіп, өз тарапынан "Канело" да Джейкобсты жеңсе, DAZN Головкин - Альварес трилогиясын шынымен қалайтынын айтқан.
"Канело" келісімшартқа қол қойғаннан кейін DAZN Головкиннің артына түсті. Мақсаты оған Головкинмен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру еді. Келісімшартқа қол қою біздің тарапымыздан бұл жекпе-жекке ең оңай жол болды. Альварес Джейкобсты, ал Головкин Ролсты жеңген соң мен үшінші жекпе-жекке ешқандай бөгет көріп тұрған жоқпын", - дейді Леффлер сұхбатында.
Еске салайық, Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең түсті, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімі бойынша жеңді. Осылайша, Головкин алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айрылды.
Жарнама