Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасында қыркүйекте жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты.
"Канелоның" америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) 18 қыркүйекке белгіленген екінші орта салмақта абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жегі өтпейтін болды. Ал Головкин желтоқсанда орта дивизионда WBA титулына ие жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
"Канело" мен Головкиннің үшінші айқасын қыркүйекте өткізуге болады дегенге сенбеймін. Геннадийдің бар назары Муратамен желтоқсандағы жекпе-жекте. Дегенмен Альварес - Головкин трилогиясы боксшылар карьерасын аяқтағанша маңызын жоғалтпайды. Бұл кездесуді келесі жылы мамырда өткізуге болады.
Альвареске қатысты келесі шешім белгіленіп қойған күн бойынша - 18 қыркүйек жұдырықтасамыз ба әлде тек желтоқсандағы айқаспен шектелеміз бе, көреміз, Плантпен жағдай өзгеруі де мүмкін", - деп береді Хирннің сөзін Boxingscene.com.