Головкиннің промоутері бокстағы ең үлкен айқасты өткізбек

©DAZN

Британиялық промоутер Эдди Хирн ауыр салмақтағы Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) мен Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) жекпе-жегін ұйымдастырмақ, деп хабарлайды vRINGe.com. 

Әрине егер Джошуа украиналық Александр Усикті (19-0, 13 КО) жеңсе. 

"Меніңше, Джошуа мен Фьюри айқасы әрқашанда қызық болмақ. Адамдар әлі де менен: "Эй-Джей мен Фьюри қашан жұдырықтасады" деп сұрайды. Алдымен ол Усикпен айқасу керек деп жауап беремін. 

Усиктен жеңілуде тұрған қайғылы ештеңе жоқ, Фьюри де қызық болады. Абсолют чемпион атағы үшін айқас спорт әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек болатын еді. Джошуа Усикті жеңеді деп ойлаймын, бұл жекпе-жекті желтоқсанда көре аласыздар", - дейді промоутер. 

Айта кетейік, Эдди Хирн қазіргі таңда қазақстандық Геннадий Головкиннің де жекпе-жектерін ұйымдастыруымен айналысуда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport