Головкиннің орнындағы Қазақстанның ең мықты кәсіпқойына жеңілмеген боксшымен айқас ұсынды

©instagram.com/meiirim.nursultanov

Германиялық бокс шолушысы Лейф Хейнсмен отандасы Денис Радованға (17-0-1, 8 КО) қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (19-0, 11 КО) жекпе-жекке шығуды ұсынды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында маман бұл айқас неге екі боксшы үшін де тиімді екенін түсіндірді. 

"Денис Радован IBF титулы үшін айқасқысы келеді. Қазір ұйым рейтингінде жоғары орында. Оны Әлімханұлы сияқты мықты чемпион күтіп тұр, ол өте қауіпті. Онымен кездесер алдында Дениске өзге қазақстандықпен айқасып көрген абзал. Мейірім Нұрсұлтанов - тыныш қана шыңға таяп қалды. Қазір рейтингте жетінші, алайда WBC және WBO белбеулері үшін айқасуына бір қадам ғана қалды. Бірақ бұл ұйымдар үміткерлерді ұзақ тостырады. IBF-те басқаша. 

Нұрсұлтановпен жекпе-жектен Радован қазақ стиліне қарсы тұруда үлкен тәжірибе жинайды. Ал Нұрсұлтанов үшін бұл германиялық бокс сүйер қауым арасында атын шығаруға жақсы мүмкіндік. Денис былтыр көктемнен бері жұдырықтаспады. Егер олар наурызда кездесу өткізсе - бұл жақсы. Жеңімпаз ұйым чемпионымен айқасады", - дейді Хейнсмен.

Қазіргі таңда Нұрсұлтанов BoxRec тұжырымынша Қазақстанның ең мықты боксшысы саналады. Бұл рейтингте ол бірнеше жыл қатарынан көш бастаған Геннадий Головкиннің орнын басты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport