Бокс
13 маусым 2018 12:21
 
Головкиннің орнына жұдырықтасуы мүмкін үміткер "Канелодан" ақысын көбейтуді талап етті

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің орнына жұдырықтасуы мүмкін үміткер "Канелодан" ақысын көбейтуді талап етті Головкин мен Джейкобс. Сурет: Bloomberg / Michael Nagle

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болуы мүмкін жекпе-жек үшін Golden Boy Promotions ұсынысының қаржылық тұсымен еліспеді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Мұның алдында GBP қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалықпен қарымта үшін соңғы ұсыныстарын айтқан. Ол шарт бойынша Альварестің командасы қазақстандық боксшыға түскен табысты өз боксшысының пайдасына 57,5-те 42,5 етіп бөлуге дайын. Ал егер Головкин бұған келіспесе, "Канело" америкалық Дэниел Джейкобспен жекпе-жек өткізеді деп қыспаққа алғысы келген. Альварес тіпті 15 қыркүйекке Лас-Вегастағы T-Mobile аренасын жалдап та қойған.

Мәлімет көзінің айтуынша, Джейкобс Golden Boy ұсынысын қабылдағысы келмейді. Келісімшарттың мән-жайы ашылмайды, дегенмен, ол бойынша америкалыққа ұсынылған ақы Головкинге ұсынылғаннан әлдеқайда төмен.  Шамамен оған кірістің тек 20 пайызы ғана ұсынылған, ал пайданың 80 пайыз үлесі Альвареске тиесілі.

Жақында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBF) америкалыққа Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) орта салмақтағы IBF чемпиондығы үшін жек-жек өткізуді ұсынды. Оның үстіне америкалық және мексикалық боксшыны да Андре Розье жаттықтырады. Ал бапкер олардың жұдырықтасуына қарсы болып отыр.

Жарнама

Живи спортом!