Головкиннің орнын басқан Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы жекпе-жекке дайындықты бастады

©instagram.com/adal_promotions

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті, деп жазады Vesti.kz.

Жаттығу лагерін Мейірім Қазақстанда бастады. Боксшы Instagram желісінде жаттығуының вилеосын жариялапты. 

Еске салайық, кейінгі рет Мейірім қараша айында WBC желісі бойынша чилилік Хулио Аламоспен (16-2, 9 КО) үміткерлер айқасын өткізді. 12 раунд толық өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңді.

Қазіргі таңда Нұрсұлтанов BoxRec тұжырымынша Қазақстанның ең мықты боксшысы саналады. Бұл рейтингте ол бірнеше жыл қатарынан көш бастаған Геннадий Головкиннің орнын басты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport