Головкиннің орнын басады. Рингке қайта оралған өзбек боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

©shohjahonergashev_official / Instagram.

Супержеңіл салмақта жұдырықтасатын өзбекстандық Шохжахон Эргашев (23-0, 20 KO) мексикалық Анхел Мартинесті (14-2-2, 14 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Детройт қаласы Garden Theater шаршы алаңындағы бокс жекпе-жегінің басты айқасы болды. Бесінші раундта Эргашев қарсыласын бірнеше рет құлатқаннан кейін, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. 

Эргашев қаңтар айында карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Алайда кейін өзінің Salita Promotions промоутерлік компаниясымен жаңа келісімшарт жасапты.

Еске салайық, Эргашевтің промоутері Дмитрий Салита өзбек боксшыны Геннадий Головкиннің орнын басатынын айтқан еді. Ол екі боксшы да панчер және посткеңестік елден шыққанын ұқсастық етіп айтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport