Головкиннің нокаутқа түсіретін соққысының сыры ашылды

© boxeotijuana.com
TheCombatProject.com порталы орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) бірнеше жекпе-жегін аяқтаған соққыларының бірін тарқатып түсіндіріп көрді.

Авторлардың ойынша, қазақстандық боксшы тактика тұрғысынан зерек және оның соққылар арсеналы бай.

"Головкин - өте тапқыр, ол көп дүниені тамаша жасайды және боксшылар арасындағы ең ақылдысы деуге келеді. Бұл оның соққыларды бір жүеге қалай келтіргенінен көруге болады. Оның соққылары жылдам, жұдырығын қалауынша сермеп, арсеналы бай болғандықтан түрліше ұра алады.

Мәселен оның жылдам джебі бар, қуатты джеб және доны жоғарыдан ұрады. Қарсыластың тұрысы мен қорғанысына байланысты ол оң қолымен соққыны тік немесе бүгіңкіреп сыртқа итереді, қарсыластың құлақ шекесіне тигізу үшін. Головкиннің бас пен денеге соғатын сол жақ хугы бар, бірақ, бұның ең мықты нұсқасы "оберхендті сол жақ хук", оны жоғарыдан төмен бүгіп соғады, қақ маңдайдан. Бұл бокстағы өте сирек және өзгеше соққы. 

Головкин қарсыласын оверхэндті хукпен есеңгіреткен үш жағдай бар. 2014 жылы ол Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп, осы соққыны "патенттеп" алды. "Канеломен" бірінші жекпе-жекте де осындай соқы жасалды, тоғызыншы раундта (2:29): осыдан кейін Альварес абыржып қалды да, GGG инсайдта тағы бір аперкотын тигізді. Үшіншісі Стив Ролспен: төртінші раундта сол жақ оверхэнді дәл тиіп, канадалық есеңгіреп қалды, осыдан кейін шешуші шабуыл басталды", - делінген ескермеде. 

Головкин - Рубио



Головкин - "Канело" жекпе-жегіндегі сәт


Головкин - Роллс