Бокс
11 желтоқсан 2021 14:00
 
Головкиннің міндетті қарсыласы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің міндетті қарсыласы мәлімдеме жасады ©mediarunsearch.co.uk

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао  (29-0, 20 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) оны орта салмақта қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) міндетті қарсыласы етіп бекіткеніне қатты қуанды, деп жазады agazeta.com.br порталы. 

Жеңілістің дәмін татпаған боксшы осы орайда бұл кездесу туралы пікірін де білдірді. 

"Өте қуаныштымын. Себебі, мен бұл сәтті ұзақ күттім. Енді рейтингтің көшбасына шығып, чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік алдым. Осы уақытқа дейін командаммен жеткен жетістігіме ризамын", - деді Фалькао.

Еске салайық, осыған дейін Фалькао Головкинді нокаутқа түсіремін деп те мәлімдеме жасаған еді. Ал Головкин болса келесі кездесуін орта салмақта WBA Super иегері жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өткізуі керек еді. Бірақ Жапония жерінде шектеу шараларына байланысты, айқас өтпей қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!