Бокстан екі салмақта бұрынғы чемпион, қазір ESPN сарапшысы америкалық Тимоти Брэдли қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (56-1-2, 38 КО) жеңе ала ма деген сұраққа жауап берді.
"Жоқ. Меніңше Головкин бабынан тайды. Оның соққылары мықты, бірақ, оның уақытты өтті", - дейді Брэдли Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
"Канелоны" жеңу үшін ақылды боксшы керек. Қазір екінші орта және жартылай ауыр салмақта ондай жігітті көріп тұрған жоқпын. Ол сені сыйлау үшін соққың ауыр болу міндет. Әйтпесе ол сені жапырып өтеді. Сен инфайтингте (жақын қашықтықта) жұдырықтаса алуың қажет. Жақын қашықтықтан оның іс-қиымылын тоқтатып тастау керек. Оған қарсы жүре алу қажет", - дейді бұрынғы чемпион.