Головкиннің командасындағы Ахмедов келесі айқасына дайындықты бастады

©Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп жазады Vesti.kz.

Боксшыны Лос-Анджелестегі атақты бапкер Кристофер Камачо жаттықтырып жатыр.

Бұған дейін Али рингке 14 желтоқсан Коста-Меседегі бокс кешінде жекпе-жекке шығу керек еді, алайда кездесу өтпей қалды.

Ахмедов кейінгі рет былтыр қыркүйекте Лас-Вегаста айқасып, америкалық Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) жеңген еді. Осының арқасында Али IBF NABO және WBC Silver титулдарын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар