Головкиннің кейінгі қарсыласы әлем чемпионы атағы үшін үшінші рет жұдырықтаспақ

WBC чемпионы Джермалл Чарло. Сурет: Fightnews.info
Орта салмақта әлем чемпионы титулы үшін екі рет жұдырықтасқан украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) үшінші мүмкіндік бұйыруы мүмкін. 

The Athletic порталының инсайдері Майк Коппинджердің ақпараты бойынша, Деревянченко орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (30-0, 22 KO) жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Боксшылар кездесуді қыркүйек немесе қазанда өткізуге келісуі мүмкін. 

Келісімшартқа қол қойылған жағдайда жекпе-жек Premier Boxing Champions компаниясымен келісімі бар Fox немесе Showtime арналарында трансляцияланады. Бұл кездесуде америкалыққа тиесілі WBC титулы сарапқа салынады.