Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін - промоутер

© Getty Images
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жекті Қазақстанда өткізуі мүмкін. Бұл туралы IFL TV арнасына берген сұхбатында GGG-дің ісін жүргізетін промоутер Эдди Хирн мәлімдеді.

Сонымен қатар, бұл кездесу А/ҚШ аумағында өтуі де әбден мүмккін - мұның алдында айтылғандай поляктардың үлкен диаспорасы шоғырланған Чикагода өтуі де мүмкін. Жекпе-жектің өзі 11 сәуірге жоспарланып отыр.