Головкиннің қарсыласы Канелоның айқасына болжамын айтты
14 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) тегі пуэрториколық Эдгар Берлангамен (22-0, 17 КО) жекпе-жек өткізеді.
14 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) тегі пуэрториколық Эдгар Берлангамен (22-0, 17 КО) жекпе-жек өткізеді.
Осыған байланысты Геннадий Головкинге қарсылас болған украиналық боксшы Сергей Деревянченко (15-6, 10 КО) бұл айқасқа өз болжамын айтты.
"Берланга - өзіне дос адамдар үшін жақсы жігіт. Оның қарсыласына көзқарасы туралы айту қиын. Мен оны тек жақсы жағынан көрдім. Мен де бұл айқаста Канелоның басымдығы бар деп ойлаймын. Бірақ Эдгарда мүмкіндік жоқ деуге болмайды. Ол - талантты жігіт, тез үйренеді, таймингі де жақсы. Егер ол моралды тұрғыда дайын болып, күйіп кетпесе, нақты жоспармен, салқынқандылық танытып, жалындаған жүрекпен шықса, жеңіп кетуі әбден мүмкін", - деп береді Деревянченконың сөзін vRINGe.com.
Жарнама