Бокс
Бүгін 09:42

Головкиннің қарсыласы жеңілмеген нокаутшыны үш раундта берілуге мәжбүр етті

©champinon.info

Орта салмақтағы польшалық боксшы Камил Шеремета (27-3-2, 10 KO) Белосток қаласында өткен KnockOut Boxing Night 47 кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

37 жастағы поляк боксшысының қарсыласы 20 жастағы колумбиялық Шон Ортис (11-1, 8 KO) болды. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды: үшінші раундтан кейін колумбиялық боксшының командасы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Бұл Ортистің кәсіпқой рингтегі 11 жеңісінен кейінгі алғашқы жеңілісі болды. Ал Шеремета карьерасында 27-жеңісіне жетіп, жеңістерінің онын мерзімінен бұрын аяқтады. Оның еншісінде үш жеңіліс пен екі тең нәтиже бар.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында Шеремета орта салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. Сол кезде GGG польшалық қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіріп, жетінші раундтан кейін Шереметаның командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді.

Бұл жеңіс Головкинге тарихи рекорд орнатуға мүмкіндік берді: ол әлем чемпионы атағын 21-рет сәтті қорғаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport