auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейінгі уақытша шеттеу мерзімі аяқталды

Головкиннің карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейінгі уақытша шеттеу мерзімі аяқталды
© Las Vegas Review Journal
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңілгеннен кейінгі уақытша шеттеу мерзімі аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

15 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин төрешілер шешімі бойынша Сауль "Канело" Альварестен жеңілді. Мексикалық боксшы қазақстандықтың WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алды. Екінші кездесуден соң Головкин де Альварес те үшінші рет шаршы алаңда кездесу өткізуге дайын екендерін мәлімдеді.

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің уақыты айтылды

Бірнеше күннен кейін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) Головкинді 31 қазанға дейін, ал "Канелоны" 15 қарашаға дейін жекпе-жектерден уақытша шеттеткен. Бұл АҚШ-та қалыпты процедура және боксшылар қалпына келу үшін жасалады. 

Альварес келесі жекпе-жегін 15 желтоқсан Нью-йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңында өткізеді. Оның қарсыласы екінші орта салмақта WBA Regular чемпионы британиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 КО).

Головкиннің рингке оралуы 2019 жылдың көктеміне жоспарланған. Соңғы сұхбатында қазақстандықтың промоутері Том Леффлер келесі қарсылас Бүкіл әлемдік бокс сериясы (WBSS) алғашқы маусымының жеңімпазы, екінші орта салмақта WBA Super чемпионы британиялық Каллум Смит болуы ықтимал екенін айтқан. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама