Головкиннің "Канелоға" қарсы сұмдық қаруы бары айтылды
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жек немен аяқталары белгісіз. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық журналист Бен Смит айтты.

Оның сөзінше, алдыңғы екеуіне қарағанда үшінші айқаста боксшылар аянып қалмайды.
"Бұл екеуі үшін де өте үлкен айқас. Екеуінің текетіресінде жеке бастың ісі бар. Головкин жеңемін деген ойда. "Канело" да өзіне сенімді. Үшінші жекпе-жек бәріне нүкте қою керек. Жас айырмашылығын есепке алсақ, Альваресте мүмкіндік жоғары.
Алайда мұны жекпе-жек қана көрсетеді. Головкиннің сұмдық соққысы ешқайда кетіп қалған жоқ. Бұл кез келген сәтте басымдық беруі мүмкін. Егер алдыңғы екі айқаста қарсыластар абайлап жұдырықтасса, бұл жолы аянып қалмайды. Өйткені бұл олардың карьерасындағы ең маңызды жекпе-жек", - дейді Смит.
Жарнама