auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің жеңіске жеткенін қалаймын. Ол жеңсе, реванш ала аламын - Вилли Монро

Головкиннің жеңіске жеткенін қалаймын. Ол жеңсе, реванш ала аламын - Вилли Монро
Геннадий Головкин мен Вилли Монро. © Hbo.com
Орта салмақтағы чемпион титулынан бұрынғы үміткер америкалық Вилли Монро (21-2, 6 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 16 қыркүйекке белгіленген жекпе-жекте Вилли Монроның өзі де екінші рет әлем чемпионы титулы үшін таласады. Ол ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) жекпе-жек өткізеді.

"Өтірік айтпай-ақ, қояйын. Мен Головкин - Альварес жекпе-жегін асыға күтіп отырмын. Мен де боксшымын, сондай-ақ, мен де жанкүйермін. Екеуіне де ұлы боксшылар ретінде қараймын. Билли Джо Сондерспен жұдырықтасып болған соң, WBO титулымен Головкин - Альварес жекпе-жегін қараймын", - дейді америкалық боксшы.

Сонымен қатар, Вилли Монро бұл жекпе-жекте кімнің жеңіске жетуі мүмкін екенін айтып өтті.

"Әзірше кімнің жеңетінін айта алмаймын. Мен олардың біреуімен жекпе-жек өткізгім келді. Бірақ, меніңше, "Канело" Головкинді жеңе алады. Әрине, Головкиннің де жеңіске жеткенін қалаймын. Головкин жеңсе, реванш ала аламын. "Канеломен" өтетін жекпе-жектің маған көп ақша әкелетінін білемін, бірақ Головкинмен де жұдырықтасқым келеді", -деп келтіреді Монроның сөзін Boxingnews24.com. басылымы.

Еске сала кетейік, Монро Головкинмен 2015 жылдың мамырында кездесіп, 6-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама