Головкиннің экс бапкерімен жаттыға бастаған абсолют чемпион барлық белбеуінен айырылды

Сурет: Allboxing
Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы норвегиялық Сесилия Брекхус WBC, WBA Super, IBF, WBO және IBO титулдарынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек Эдди Хирннің Американың Тасла қаласында ұйымдастырған бокс кешінің басты оқиғасы болды. 

Брекхустың қарсыласы тәжірибесі аздау америкалық Джессика Маккэскилл еді. 95-95, 97-93, 97-94 есебімен жеңіске жеткен Маккэскилл енді абсолют чемпион атанды. 





Айта кетейік, Брекхусты былтырдан бері Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес жаттықтырады. Головкин Сауль "Канело" Альварестен жеңілгеннен кейін Санчестен кетіп, Джонатан Бэнкспен жаттығатын болды.