Головкиннің экс бапкері Канелоны жеңген Биволдың Бетербиевпен айқасына өзгеше болжам жасады

©

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (22-0, 11 КО) мен Артур Бетербиев (19-0, 19 КО) арасындағы жекпе-жекте кім жеңіске жететінін айтты, деп жазады Vesti.kz.

Мұның алдында Бетерибев пен Бивол жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жек бойынша келісімге келгені хабарланды. Әзірге мән-жай белгісіз. Тек бұл айқасты Сауд Арабиясының инвесторлары ұйымдастырмақ екені ғана хабарланды. 

"Бетербиев Биволды сабайды. Бивол кейінгі уақыттағы мен көрген техникасы ең мықты боксшылардың бірі болса да. Бетербиев оны күш пен қуатының артықшылғы арқасында жеңеді. Алдымен оны шаршатып тастайды да, кейін сәті түскенде ұстап алады", - деп береді Санчестің сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар