Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (36-3, 30 КО) 76,2 келіге дейінгі суперорта дивизионда отандасы Габриэль Росадоға (25-12-1, 14 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды
vRINGe.com.
Бұл кездесу 27 қарашада өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ, алайда, шоудың өтетін орны әзірге белгісіз.
Мұның алдында DAZN Джейкобске қарсылас ретінде британиялық Джон Райдерды (28-5, 16 КО) ұсынып, Британия аудиториясын тартқысы келген. Дегенмен таңдау Росадоға түсті.
Айта кетейік, екі боксшы да бұрын қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. 2013 жылы қаңтарда Росадо жетінші раундта GGG-ден нокаутпен жеңілген, ал Джейкобс 2017 жылы наурызда қазақстандыққа қарсы 12 раунд шыдаған бірінші боксшы болып, төрешілер шешімімен есе жіберді.
Жарнама