Головкиннің денеден жасайтын жойқын соққыларының видеосы жарияланды

Сурет: fightsaga.com
Jack Alter YouTube арнасында орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) денеден жасаған ауыр соққыларының видеожинағы жарияланды.

Жинақта боксшының жекпе-жектері мен бір спаррингінен үзінділер берілген. 



38 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 2006 жылдан өнер көрсетеді. Содан бері ол 42 жекпе-жекте 40 жеңіске жетіп (35 нокаут), бір рет тең түсті және бір рет жеңілді.