Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мексикада нокаутпен жеңіске жетті

Сурет: bookmakersrating.ru

Мексикада өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық Давид Лемье (43-4, 36 КО) перулік қарсыласы Давид Сегарраны (34-5, 21 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперорта салмақта өткен кездесу екінші раундта аяқталды. Лемье қарсыласын арқанға тіреп, соққының астына алды, перулік боксшы қарсыласуға мұршасы қалмағанын көрген төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Еске салайық, Лемье 2015 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен Нью-Йоркте жұдырықтасып, сегізінші раундта жеңілген. Бұл айқас GGG үшін PPV-дегі бірінші жекпе-жек еді.