Мексикада өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық Давид Лемье (43-4, 36 КО) перулік қарсыласы Давид Сегарраны (34-5, 21 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Суперорта салмақта өткен кездесу екінші раундта аяқталды. Лемье қарсыласын арқанға тіреп, соққының астына алды, перулік боксшы қарсыласуға мұршасы қалмағанын көрген төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Еске салайық, Лемье 2015 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен Нью-Йоркте жұдырықтасып, сегізінші раундта жеңілген. Бұл айқас GGG үшін PPV-дегі бірінші жекпе-жек еді.