Golden Boy Promotions промоутерлік командасы 24 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгия (34-0-0, 27 KO) мен 35 жастағы америкалық Габриэль Росадо (26-13-1, 15 KO) арасындағы кездесудің өтетінін ресми мәлімдеді.
Бұл айқас 13 қараша күні АҚШ-та өтіп, оны DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді. Айқастың нақты қайда өтетіні алдағы уақытта анықталады.
Мунгия - орта салмақта WBC және WBO рейтингінің бірінші нөмірлі боксшысы. Ол маусым айында польшалық Камил Шереметеға (21-2-0, 5 KO) қарсы кездесу өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.
Росадо да соңғы кездесуін маусымда өткізді. Ол өзбекстандық Бектемир Меликузиевке (7-1-0, 6 KO) қарсы шығып, үшінші раунда ұтып кетті.
Айта кетейік, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Мунгия мен Сергей Деревянченко арасындағы кездесу өтуі керек деген еді. Ал бұл айқаста қай жеңгені осы ұйымның чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы Деревянченкомен кездесуден бас тартып, Росадаға қарсы кездесуге келісім берді.
Еске салайық, Росадо 2013 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесіп, нокаутпен есе жіберген.