Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (38-0, 30 KO) Анахайм (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Габриэль Росадодан (26-14-1, 15 KO) айласын асырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесуде боксшылар 12 раунд жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша Хайме 118-110, 119-109 және 117-111 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, мексикалық боксшы орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуін сақтап қалды.
Еске салайық, Росадо 2013 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесіп, нокаутпен жеңілген еді.