"Головкиннің бір жеңілісі оны ұлы спортшы болудан алыстатпайды". Сарапшылар әлемнің ең мықты боксшыларын анықтады

© givemesport.com

Қазақстандық Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) барлық салмақ дәрежесі бойынша әлемнің ең мықты кәсіпқой боксшыларының қатарына енді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі GiveMeSport.com сайтына сілтеме жасай отырып. 

Басылым сараптамада Тайсон Фюри, Сауль "Канело" Альварес, Василий Ломаченко сынды споршылардың әрқайсына жеке тоқталып, баға берді.

"Орта салмақта да айқын көшбасшы - Геннадий Головкин бар. Бокстың жанкүйерлері оның "Канеломен" трилогиясын күтіп жатқанда, Головкин орта салмақтағы дивизионды темірдей жұдырығымен басқаып, қарсыласқа мірдің оғындай дәл соққылар береді. GGG атымен тек бір ғана жеңіліс байланысады, бірақ бұл жеңіліс оны бокстағы ең мықтылар қатарынан алып тастай алмасы анық" - дейді сараптама авторлары.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport