"Лаборатория бокса" YouTube арнасының авторы қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) рингке оралуын күтуге бола дегенге қатысты ойын айтты.
42 жастағы Головкин соңғы рет 2022 жылдың 17 қыркүйегінде рингке шығып, Сауль Канело Альварестен (62-2-2, 39) екінші рет жеңілген еді.
"Головкин, меніңше ол енді қайтып рингке шықпайды. Мәнісі жоқ. Головкин - жігіт, былай айтқанда бәріне өзін дәлелдеді: жасы келгенде де жоғары деңгейде жұдырықтасты", - дейді автор.