Головкиннің бапкері трилогия жайлы ойын айтты

13 қыркүйек 2022 21:59
©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс алдағы трилогия жайлы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Геннадий мен Саульдің айқастарын талай адам көріп жүр ғой. Сондықтан "Канелоның" стилін жақсы білемін. Ол Головкинмен өткізген екі жекпе-жегінде панчер ретінде көзге түспеді. БАҚ өкілдері қазақстандық боксшының жасына қатысты көп жазып жүр. Көпшілік оның спорттан кету керектігін де айтуда. Бірақ Головкин бабында. Ол әлі біразға дейін қолғап түйістіре алады. Алдағы трилогияда Геннадий Головкин жеңіске жетеді деп ойлаймын", - дейді Бэнкс BoxingScene сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы айқас 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар