As38d6m40zoSi2RtTXtH19ARNi0t79SzITGXfGdH
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкиннің бапкері "Канелоны" нокаутқа түсіретін арнайы тәсіл ойлап тапты

Головкиннің бапкері "Канелоны" нокаутқа түсіретін арнайы тәсіл ойлап тапты
© Allboxing
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жекке дайындаған жоспарымен бөлісті.

Қарымта кездесу Лас-Вегаста өтеді. 14 жыл бұрын Бернард Хопкинс бауырдан соққы жасап, Оскар Де Лахойяны (Альварестің промоутері) нокаутқа түсірген болатын. Санчестің сөзінше, 15 қыркүйекте адамдар ауысқанымен, бұл оқиға қайталанады. 

"Жақында сол жекпе-жекті қайта қарап шықтым, Бернардтың бауырға тамаша соққымен Оскарды тоқтатып тастағанын. Әдетте жекпе-жекке деген жоспарларымды ашпаймын, бірақ, бұл жолы еш қауіпсіз айтайын. Геннадий осы тәсілге арнайы жаттықты және оны "Канелоға" қолданады. Оны "Сары шертпек" (The Ginger Snap) деп атадық. Тамаша атау деп ойлаймын: Оскарды жеңіп, барлық белбеуді жинаған Хопкинстің рекордын соққы арқылы жаңартамыз. 

Көреміз, "Канело" тағы ринг айналып қашып, төрешілерден сый күтетін болар. Геннадйи бауырдан соққы жасап, "Канелоның" желін шығаруға дайын. Головкин мексикалық сияқты жұдырықтаспайды, бұл рас. Оның стильі - филадельфияның ескі мектебінен. Головкин сол бір классикалық соққымен "Канелоны" тоқтатып тастаса, таң қалмаңыздар - бұл сол бір күндерді еске салу болады. Оскарды алғаш нокаутқа түсірген Бернард болатын. Геннадий "Канелоны" нокаутқа түсіретін алғашқы боксшы болғысы келеді", - дейді Санчес BoxingScene басылымына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес 2017 жылы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында алғаш рет жұдырықтасқан болатын, алайда, ол кезде жеңімпаз анықталмады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар