Геннадий Головкинді жаттықтыратын америкалық бапкер Джонатан Бэнкс Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Сауль Альвареспен айқастағы қазылыққа алаңдамайтынын айтты.
- Головкинге екінші орта салмақ қаншалықты оңтайлы?
- Геннадий - нағыз орта салмақтың боксшысы. Бірақ суперорта дивизион да жақсы, өте жақсы.
- "Канеломен" үшінші рет айқасады. Бірақ сіздің бапкерлігіңізбен алғаш рет, қысым сезіп жатқан жоқсыз ба?
- Ешқандай қысым жоқ. Бұл жай жекпе-жек.
- Биволмен айқаста да байқадық, Вегаста төрешілер "Канелоға" әлі де болысады екен.
- Бұл туралы ойламаймын. Сен қолыңнан келетінді бақылауыңда ұстайсың. Төрешілерді бақылауда ұстай алмайсың, бірақ, қолыңнан келетіні бар ғой. Нокаут - жеңудің ең жақсы жолы, шешім төрешілерге қатысты болмайды. Алайда тек соны ғана көздеп шығу мүмкін емес.