Головкиннің бапкері жаттықтырған "Гладиатор" тоғызыншы қасрыласын нокаутқа түсірді

©Tapology

Ауыр салмақтағы италиялық проспект Гвидо Вианелло (9-0-1, 9 KO) кезекті рет нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Хинкли қаласында өткен бокс кешінде "Гладиатор" лақап атты Вианелло Мексика тумасы Рафаэль Риосты (11-4, 8 КО) жеңді. Төртінші раундта италиялық боксшы қарсыласын бұрышқа тақап, бірнеше соққы жасады. Салдарынан Риос есеңгіреп қалып, жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады. 

Еске салайық, Вианелло Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчестің қоластында жаттыққан. Алайда кейін GGG сияқты одан кетіп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар