Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын украиналық Сергей Богачук (27-4, 24 КО) америкалық кіші Шейн Мозлиден (23-5, 13 КО) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен Zuffa Boxing 6 турнирінің басты оқиғасы болды.
Жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Мозли сәтті шабуыл жасап, украиналық боксшыны теңселтіп, нокдаунға түсірді.
Wooow termina mal la noche para Bohachuk ?
— UFC Español (@UFCEspanol) May 11, 2026
? Enorme Mosley Jr. lo termina en el round 6️⃣ #ZuffaBoxing06 | Ver en vivo por @PPlusDeportes pic.twitter.com/kJq3o4ZWa6
Богачук орнынан көтеріліп, кездесуді жалғастырғанымен, америкалық шабуылын үдете түсті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Кіші Шейн Мозли атақты чемпион Шейн Мозлидің ұлы. Ол Zuffa ұйымындағы дебютін сәтті өткізді. Ал Богачук бұл промоушендегі екінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Богачуктың ісін промоутер Том Леффлер жүргізеді, ал бапкері Абель Санчес. Екеуі де кезінде қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкинмен жұмыс істеген болатын.
Жарнама